Бұл модульде студенттер транзакті анализдің (ТА) теориялық негіздерімен танысып, адамның ішкі психологиялық құрылымын терең түсінуге мүмкіндік алады. Оқыту барысында тұлғаның мінез-құлқы, қарым-қатынас стилі және өмірлік сценарийлерінің қалай қалыптасатыны жүйелі түрде қарастырылады.
Модульді аяқтағаннан кейін студент:
•транзакті анализдің негізгі ұғымдары мен философиясын түсінеді;
•эго-күйлер моделін (Ата-ана, Ересек, Бала) ажыратып, олардың күнделікті өмірдегі көріністерін тануды үйренеді;
•адамның ішкі құрылымын құрылымдық және функционалды талдау арқылы сараптай алады;
•әр эго-күйдің ойлау, сезіну және әрекет етуге қалай әсер ететінін түсінеді;
•ТА өмірлік позициялар концепциясы арқылы адамның өзін және басқаларды қабылдау ерекшеліктерін анықтайды;
•қарым-қатынаста қай эго-күйден әрекет етіп отырғанын байқап, саналы таңдау жасауға алғашқы қадам жасайды.